Қала | |
Темір | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Облысы | |
Ауданы | |
Қалалық әкімдігі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
49°08′ с. е. 57°07′ ш. б. / 49.133° с. е. 57.117° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°08′ с. е. 57°07′ ш. б. / 49.133° с. е. 57.117° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1868 |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▲2 214[1] адам (2023) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
04 |
Темір шекарасы
| |
Ортаққордағы санаты: Темір |
Темір – Ақтөбе облысы Темір ауданындағы қала (1928 жылдан).
Аудан орталығы – Шұбарқұдық кентінен шығысқа қарай 50 км жерде, өзімен аттас өзен бойында орналасқан.
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 2202 адамды (1135 ер адам және 1067 әйел адам) құрады.[2]
Іргесі 1868 жылы әскери бекініс ретінде қаланған. 1869 жылы қазақ даласын басқару жөніндегі патша үкіметінің . Қалада осы жылы 99 үй, 913 адам тұрған, 2 дәрігерлік орын, бір кластық орыс-қазақ мектебі, қоғамдық кітапхана, пошта бөлімшесі, мешіт, шіркеу жұмыс істеген.
1900 жылдан бастап маңызды сауда орталығы болды. Мұнда жылына 2 рет жәрмеңке өткізіліп тұрды. Саудагерлер Ташкент, Бұхара, Үфі, Орынбор, Қазан қалаларынан келіп тұрған.
1922 жылы құрамында 31 болыс болды. 1928 жылы аудан орталығына айналды. 1976 жылы тұрғыны 5,0 мыңға жуықтады. Қалада 1996 жылға дейін май зауыты, құрылыс мекемелері, ауданы тұрмыс қажетін өтеу комб, т.б. кәсіпорындар мен мекемелер болған. Уақытша Ережесіне сәйкес құрамында 17 болысы бар (қазіргі Темір, Ойыл, Байғанин, Мұғалжар аудандары) уезд орталығы болған
Олардың негізінде Темірде шаруа қожалықтары, ӨК, ЖШС-лар ұйымдастырылды. Ірілері: “Қарақамыс”, “Балдысай”, “Темір”, “Толғанай”, “Қоныс” ЖШС-лары.
Қалада Сақтаған Бәйішев атындағы орта мектеп, кітапхана, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. әлеуметтік-мәдени мекемелер орналасқан. Қала маңында Сырлытам бейіті, Ишан ата, Әндірдің мешіті, Темірдің өзінде Ахмет Қалпе мешіті бар.[3]
|
|