Тенггерлер | |
тенггерлер, уонг тенггер | |
![]() | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
100 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
Теңгерлер (өз атауы - тенггерлер, уонг тенггер) — Индонезияда Ява аралының шығысындағы Теңгер тауларында тұратын ұлт.[1][2][3] Саны 100 мың адам. (2016 ж.).[4]
Тілінде ескі яван лексикасы сақталған.[5]
Теңгерлер діні бойынша – буддизм элементтері мен анимистік наным-сенімдері бар индуистар. Теңгерлер XV—XVI ғасырларда явандықтардың ислам дінін қабылдауына байланысты явандардан бөлініп шыққан индуизмді сақтап қалған топтың ұрпақтары.[6]
Теңгерлер – қолмен атқарылатын егіншілікпен айналысады. Негізгі дақылдар көкөністер, азық-түлік дақылдары жүгері, таро және мал шаруашылығы. Дәстүрлі қолөнер - металл және ағаш өңдеу, керамика, тоқу, тоқымашылық.[7]
Теңгерлер ауылдық қауымдастықтарда тұрады. Шаруашылықтары ортақ үлкен отбасылар сақталған. Жыл сайын «Тенггерлер елінің» символдық орталығы – Бромо кратерінде от құдайы Баторо Бромға құрбандық шалады.[8]
Ауылдары сызықты тау беткейлерінде орналасқан. Тұрғын үйлері қаңқа-бағаналы, төртбұрышты жер үйлер.[9]
Дәстүрлі киім-кешек пен тұрмыстары Явандықтарға жақын, еуропалық костюмдер таралуда.[10]