Теңіз лимоны | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Peltodoris nobilis
| ||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||
| ||||||||
Синонимдері | ||||||||
Montereina nobilis МакФарланд, 1905 |
Теңіз лимоны (немесе Пелтодорис нобилис, ағылш. Peltodoris nobilis, кейде Жалған теңіз лимоны, Дорд мырза) — Discodorididae тұқымдасына жататын, алуантүсті теңіз жалаңаш шырышы бір түрі, доридті нудибранк, теңіз бауыраяқтыларының бақалшақсыз жұмсақденелілері.[1]
Бұл түр бұрын Анисодорис (Anisodoris) тұқымына жатқызылған болатын және ұзақ уақыт бойы Анисодорис нобилис ретінде белгілі болған. Кейіннен ол Диаулула нобилис (Diaulula nobilis) ретінде белгілі болды.
Бұл жануарға қол тиген кезде жағымды цитрус (citrus) иісін тарқатады, және бұл (оның сары түсімен бірге) «Теңіз лимоны» деген атынынан хабар береді. Оның диетасына күлгін бақалшақты губкалар - Микале жабысқағы (Mycale adhaerens).
Теңіз лимоны Шығыс Тынық мұхиттағы Аляскадан бастап Калифорнияға дейін кездеседі. Ол губкаларды жейді.
Бұл нудибранктердің түсі өзгерісшең, яғни өте сарғылтымнан қою сарыға дейін, тіпті қошқыл қоңырға дейін өзгереді. Желбезек розеткасының ұштары аздап ақ түске боялады.
Арқасы (dorsum) бүртікшелермен жабылады. Арқада бірнеше қара дақтар болады, бірақ ешқашан бүртікшелерде дақ болмайды. Бұл қара дақтар бірінен екіншісіне қарағанда әр түрлі болады.
Теңіз лимоны теңіз жануарларында әдетте 200мм-ге (8 дюймге) дейін өседі.