Тиесілік (ағылш. Belongingness) — қандайда бір топқа мүше ретінде қабылдану қажетсінуінен туған, өзін топ бөлшегі ретінде сезінетін адами сезім. Мұндағы топ бәлкім отбасы, достық, ұлт, әріптестік, діни, саяси ұйым, немесе басқа болуы мүмкін. Бұл сезім барша адамда азды-көпті болады, ал кей адамдарда өздерінен жоғары нәрсеге тиесілі болуға, оның маңызды бөлігі болуға деген "тумал" (inherent) аңсар күшті болады. Тиесілік әдетте таныстық пен біргеліктен әлдеқайда жоғары деңгейде болатын қарым-қатынас.
Тиесілік - адам табиғатына тән айырықша күшті сезім.[1] Тиесілік пен тиесілі еместік - субъктивті тәжірибе болып, ол ішкі өздіктің және айнала ортаның түрлі жағдайдағы түрлі факторларының әсеріне ұшырайды.[1]
Рой Баумейстер мен Марк Лири бойынша мәлім тиесілік адамның іргелі (fundamental) мотивациясы болса, біз тиесілі еместіктің ауыр зардабын сеземіз. Егер ол онша іргелі болмаса, онда тиесілік сезімін жоғалту бізде ауыр зардап туғызбайды. Бұл аңсардың әмбебаптығы сондай, тиесілік қажетсінуі барлық мәдениеттерде және әртүрлі типтегі тұлғаларда кездесе береді.[2]
Топтың жекені тыңдауы актив тыңдау ретінде жекеде тиесілік сезімін тудыруы мүмкін.
Абрахам Маслоу тиесілік қажетсінуі адам мотивациясының негізгі көзі екенін айтты. Ол физиологиялық қажеттіліктермен, қауіпсіздікпен, өз-өзін бағалаумен және өзін актуалдандырумен қатар қажетсінулер иерархиясындағы бес адами қажетсінудің бірі болып табылады.
Бұл қажетсінулер иерархиясы бойынша адам қажеті ретімен қанағаттандырылады, төменнен жоғарыға көтеріледі. Физиологиялық және қауіпсіздік қажетсінуі қанағаттандырылғаннан кейін барып адамның тиесілік және сүйіктілік қажетсінуін қанағаттандыру күн тәртіпке қойылады. Маслоудың пікірінше, егер алғашқы екі қажеттілік қанағаттанбаса, онда жеке адам өзге біреуді толық сүйе алмайды.[3]