Томас Макдонау (ағылш. Thomas Macdonough) (1783 жылы 21 желтоқсан, АҚШ-ның Делавэр штаты – 1825 жылы 10 қараша Жерорта теңізінен Нью-Йоркқа қараған жолында), америкалық әскери маряк. [1].
1800 жылы әскери флотқа түседі және С. Декейтермен бірге Триполитан соғысына қатысқан. 1812 жылғы соғыс кезінде Канада мен АҚШ арасындағы көлді күзетуге бұйрық алады.
Солтүстік шығыстағы АҚШ-ның әскери штабы орналасқан Нью-Йорк штатындағы Платсбургқа британ әскерлері қауіп төндіргенде, Макдонау 14 кемеден тұратын өзінің флотын әкеліп, Шамплейн көліне 16 кемеден тұратын британ эскадрасына қарсы соғыс ашты. Бұл күресте британдықтардың Нью-Йорк пен Вермонт штатын басып кіруіне тосқауыл қойылып (1814), Макдонау жеңіске жетті.