Томат пюресін үккіштен өткізген помидорды 2—3 рет қайнатып жасайды. Томат пастасына қарағанда мұның құрамындағы құрғақ заттардың мөлшері (12—20%) аздау болады. Құрамында 20% құрғақ заты бар томат, пюресінде (есеппен): 11,8% қант, 1,8% органикалық қышқыл, 26 мг% С витамині, 1,8 кг % каротин (А витамині негіздес) болады. Томат пюресі томат пастасының орнына да қолданылады.
Томат пюресін үйде де дайындауға болады. Ол үшін піскен помидорларды іріктеп алып, жуады да пышақпен турайды немесе еттартқыштан өткізеді. Тағамды кастрюльге (алюминий емес эмальды немесе тот баспайтын болат) құйып, қайнағанша (араластыра отырып) отта ұстап, сол ыстық күйінде елеуіштен немесе сүзгіштен өткізеді (елеуіштің көзі өте майда болуы қажет, елеуіш көзінен помидордың жұқа қабығы мен дәні өтпейтіндей болуы керек). Помидор қайнаған кезде қатты көпіршіктенеді, сондықтан кастрюльдегі помидор оның '/3 бөлігіне дейін ғана құйылуы керек. Тағамның жалпы көлемі азайған (2,5—3 есе) кезде кастрюльді оттан алу қажет. Томаттың өзіне тән хош иісін, түрін және құрамындағы витаминдерін сақтау үшін тағамды отқа қойып шағын кастрюльде қайнатады. Қайнату ұзақтығы 45 минуттан аспауы тиіс. Дайын томат-пюрені ыстық күйінде жақсылап жуып, ыстық сумен бура ұсталған шөлмекті немесе банкаларға құйып, оны ішіне ыстық су құйылған кастрюльге немесе шелекке салып 30—40 минут қайнату керек. Сосын шөлмектерді қайнатылған тығындармен, ал банканың аузын жез немесе лактелген консерві жапқыштармен жабу қажет.[1]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |