Тораңғы филерема көбелегі

Тораңғы филерема көбелегі

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Буынаяқтылар
Табы: Жәндіктер
Сабы: Қабыршақ қанаттылар‎
Тұқымдасы: Sphingidae
Тегі: Laothoe
Түрі: L. philerema
Екі-есімді атауы
Laothoe philerema
(Djakonov, 1923)
Синонимдері
  • Amorpha philerema Djakonov, 1923

Тораңғы филерема көбелегі (лат. Laothoe philerema) – қабыршақ қанаттылар сабының жынды көбелектер тұқымдасына жататын көбелек.

Саны азайып бара жатқан түр.Орта Азия шөлдерінің жергілікті түрі, таралу аймағы жекелеген бөліктерге бөлінген,жер гілікті және сирек кездеседі. Қазақстанда нақты бір жерден ғана — Қапшағай су қоймасындағы Iле өзенінің жайылмасынан белгілі. Түрдің таралу аймағы тарылып барады. Тоғайлы жайылма ормандарда (теңіз деңгейінен 200–500 м биіктікте) тіршілік етеді. Жылына екі рет ұрпақ береді. Жұлдызқұрттары тораңғы жапырағымен қоректенеді.Қуыршағы топырақтың жоғарғы қабатында қыстап шығады. Бірінші ұрпақтың көбелектері сәуірдің соңы, мамырда, екінші ұрпақтың көбелектері маусымда, тамызда ұшады. Жайылма ормандардың кесілуіне, өрттерге және түрдің тіршілік ететін ортасында су қоймаларын жасауға байланысты түр саны тіпті жойылып барады. Тоғайлы ормандарды барынша қорғау қажет, өзен жайылмаларындағы тораңғыны кесуге мүлдем тыйым салып, қорықтар ұйымдастыру керек.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ғажайып омыртқасыздар. Қазақстан Қызыл кітап беттерінен. Құрастырушылар И.Д.Минтяев, Р.В. Ященко, В.Л. Казенас.