Тоғыспалы иммуно-электрофорез (ТИЭФ) —вирустар және бактериялар тудырған ауруларға иммунологиялық диагноз қою әдістерінің бірі. Бір-біріне сай антиген мен антиденелердің гелді ортада преципат жасауына негізделген. Әдетте қолданылып жүрген иммунодифузия әдістері антидене мен антигеннің кеңістікте барлық бағытта бос жылжуын пайдаланады, ал ТИЭФ-де олар электр күшінің әсерімен кездескенге дейін бір-біріне қарсы жылжиды. Көпшілік антигендерде сілтілік қасиет бар, сондықтан олар анодқа қарай жылжиды, ал антиденелер нейтральды болады да, гель сұйықтығымен қосылып, электроосмостың әсерінен катодқа қарай жылжиды.[1]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |