Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
Тексерушілерге нұсқаулықты оқу үшін оң жақтағы көрсет дегенді басыңыз.
Мақала тексерушілерге: мақаланы тексерілді деп белгілеу үшін бұл үлгіні алып тастаңыз. Мақаланы тіркелгеніне 6 ай болған, 500 өңдеме жасаған барлық қатысушылар және осы екі шарттың біреуін болсада қанағаттандыратын қатысушылар тексерілді деп белгілей алады. 2015 жылдың шілдесінен бергі тексерілмеген мақалалар мына санатта тізімделеді: Санат:Уикипедия:Тексерілмеген мақалалар. Осы айдағы тексерілмеген мақалалар санатын бастау.
Трансқұрлықты елдер картасы: Іргелес трансқұрлықты елдер Іргелес емес трансқұрлықты елдер Елдердің трансқұрлықтылығы белгісіз немесе анық емес. Аумақтық претензиялары мен трансқұрлықтылықтың анықтамасына байланысты
Бұл - бірнеше құрлықтарда территориясы бар мемлекеттер, Трансқұрлықты елдер (ағыл.Transcontinential countries) немесе Құрлық-аралық елдердің (ағыл.Intercontinential countries) тізімі.
Іргелес трансқұрлықты ел - құрлықтар шекарасында ел бөлінбей, іргелесіп орналасатын мемлекет. Іргелес емес трансқұрлықты ел - керісінше, құрлықтар шекарасы бойынша бөлінетін мемлекет.
Бұл тізімде 7 құрлық моделі қолданылады, яғни "Еуразия" немесе "Америкалар" тәріздес түсініктері қарастырылмайды.
XVIII мен XIX ғасырларында белігілеген Еуропа-Азия шекарасы. Қызыл түзулер қазіргі заманда қолданатын шекарасын көрсетеді Еуропа Азия Тарихқа сүйене отырып, екі құрлығында да орналасқан аумақ
Көптеген географтарда Азия мен Еуропада орналасқан елдердің трансқұрлықтығын анықтауда қиыншылықтар пайда болған. Оған себебі - екі құрлықтың арасындағы шекарасын анықтау. Қазіргі кезде Азия мен Еуропа шекарасы ретінде Кавказ таулары мен Жайық өзенін алады. Бұл кезде Азия мен Еуропада орналасқан трансқұрлықты болып саналатын 5 ел болады:
Қазақстан аумақтың көп бөлігі Орталық Азияда орналасқанымен, ел батысында, Жайық өзені елді екі құрлыққа бөледі. Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарының бөліктері Еуропада орналасып, Атырау қаласы Жайықтың бойында орналасқандықтан, оны трансқұрлықты қала деп атауға болады.
Ресей - әлемдегі ең үлкен ел. Аумақтың көп бөлігі Солтүстік Азияда орналасқанымен, тарихи, мәдени және этникалық тұрғысынан, Ресей - Еуропалық ел деп саналады. Ресейдің Еуропалық жерлерінде, Азиялық жерлеріне қарағанда көбірек елді-мекен орналасып, жалпы халық саны артық. Мемлекеттің елордасы - Мәскеу, толықтай Еуропада орналасқан.