Триплет

ТРИПЛЕТТЕР (лат. trіplus – үштік) –

  1. физикада: атомдар мен молекулалардың спектрлерінде байқалатын спектрлік сызықтар (көбіне үш еселі) тобы. Атомдар спектрлеріндегі Триплеттер триплеттік термдер деңгейлерінің арасындағы кванттық ауысулар кезінде пайда болады. Триплеттер сондай-ақ сілтілік-жер элементтерінің атомдық спектрлерінде, қарапайым Зееман эффектісінде байқалады;
  2. биологияда:
  • белгілі бір ретпен тізбектеліп орналасқан, үш азотты негіздерден тұратын және амин қышқылын көшіріп жазатын (кодтайтын) геннің құрамдық бөлшегі;
  • ақуыз синтезі кезінде амин қышқылдарының кезегін анықтайтын үш нуклеотидтен тұратын топ.[1]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том