Тромп (фр. trompe, итал. tromba - құбыр) - архитектурада күмбез немесе барабан тұрғызу үшін қолданылатын құралымдық элемент. Ол астыңғы негіздің күмбез немесе барабанмен ұласар жеріндегі тіреуіш-дәнекер (төрт бұрышында) рөлін атқарады. Ғимарат негізінің төрт бұрышына бүрме қалау әдісімен жарты конусқа ұқсас Тромп тұрғызылады. Тромп кей жағдайда ғимараттың құлақ күмбездеріне және эркерге тіреуіш болады. Тромп Орта Азия, Закавказье мен Еуропа орта ғасырлық сәулет өнерінде (орыс сәулет өнерінде, негізінен, 17 ғасырда) кеңінен қолданылды.[1]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|