Түйе сүті — інгеннің сүт бездерінен шығатын биологиялық сұйықтық.
Түйе сүті дәмді, әрі өте қоректі. Оны сол күйінде де, ашытып та пайдалануға болады. Сүттің түсі ақ, қышқылтым дәмі бар, қою, қотарғанда қатты көбіктенеді. Бие мен сиыр сүтіне қарағанда, түйе сүті едәуір майлы, ақуызы мен минералдық заттары да көп.
Түйе сүтінде лизоцим, агглютинин, антитоксин, бактериолизин, иммундық денешіктер сияқты қорғаныш заттар болады да, бұлар сүтке бактерицидтік қасиет береді. Біраз уақыт осы заттар сүттегі микроорганизмдердің көбеюіне мүмкіндік бермейді де, ол ұйымайды.[1]
Көрсеткіштер | Түйе сүті | Шұбат |
---|---|---|
Жалпы ақуыз | 3% | 2,8% |
Казеин | 2,49% | 2,13% |
Май | 3,98% | 3,60% |
Лактоза | 3,37% | 1,79% |
Майсыз құрғақ қалдық | 7,60% | 6,01% |
C дәрумені | 63,27 мг/л | 55,20 мг/л |
Көмір қышқылы | — | 0,04 |
|