Түктіаталықты қызғалдақ

Түктіаталықты қызғалдақ

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Дара жарнақтылар
Сабы: Liliales
Тұқымдасы: Liliaceae
Кіші тұқымдасы: Lilioideae
Тегі: Tulipa
Түрі: T. dasystemon
Екі-есімді атауы
Tulipa dasystemon
(Эдуард Людвигович Регель) Эдуард Людвигович Регель
Синонимдері

Orithyia dasystemon Эдуард Людвигович Регель

Түктіаталықты қызғалдақ (лат. Tulipa dasystemon) – лалагүлдер тұқымдасының қызғалдақ туысына жататын, биіктігі 10-20 см, пиязшық жуандығы 1-1.5 см, қара қоңыр, жұқа терілі немесе қағаз тәрізді, жалаңаш немесе тек ұшы ғана шамалы жатаған түкті қабаты. Сабағы жалаңаш; жапырақ саны -2, сирек 3, алшақ орналасқан, қайырылған, жалаңаш, жиектері тегіс немесе сирек кірпікшелі, сызықты, төменгілері едәуір жалпақ, ені 5-15 мм. Гүлі екеу; гүл серігі сары, ұзындығы 15-30 мм, сыртқылары таспа тәрізді, сырты күлгін, жалаңаш, ішкілерінен 1,5-2 есе жіңішке, ішкілері сопақша жұмыртқа тәрізді, түбі ұзын тырнақшаға жіңішкерген және осында тарамды әрі кірпікшелі; аталықтары гүл серігінен 2 есе қысқа, олардың жіпшелері сары, түкті, тозаңдықтары сопақша, сары, ұзындығы 3-5 мм, сүйір ұшы өте қысқа; аталықтан сәл ғана қысқа бағаны едәуір ұзын, қорапшасы ұзынша, ені 0,7-1 см, ұзындығы 1,5-2.5 см, тұмсығы мен ұзындығы 5 мм-дей.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]