Түркімен ала көбелегі

Cаны азайып бара жатқан ала көбелек түрі. Барлық жағынан аз зерттелген, Zy gae na алдыңғы азиялық туыс өкілі. Иран мен Ауғанстанда кездеседі. Қазақстанда Сырдария өзенінің орта және төменгі ағыстарында тіршілік етеді. Шөлдің әртүрлі биотоптарында, шұрайлы жерлерінде де кез деседі. Тоғайлы ормандардың алаңқайларында кәдімгі түр. Жұлдызқұрты сәуір ден бастап, маусым басына дейін жантақпен,жүзгінмен, шеңгелмен, жыңғылмен,сексеуілмен қоректенеді. Жұлдызқұрты қыстайды. Ересектерінің ұшу және жұмыртқа салу мезгілі бір жердің өзінде ауытқиды. Көбіне ұшуы мамыр соңынан шілдеге дейін созылады. Қазіргі кезде саны туралы нақты мәліметтер жоқ, бұрын ала көбелек тоғайдың кәдімгі түрі болатын. Өзен жайылымдарының кебуі,тоғай өсімдіктерінің кесілуі, өрттер түр санына кері әсерін тигізіп отыр. Жайылма биотоптарын қорғау керек.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ғажайып омыртқасыздар. Қазақстан Қызыл кітап беттерінен. Құрастырушылар И.Д.Минтяев, Р.В. Ященко, В.Л. Казенас.