Тұзды күмбездер

Тұзды күмбездер — жер қойнында іркілген тұздардың жер бетіне есіп шығу немесе сығымдалу процесінен пайда болған тектоникалық құрылымдар, яғни кұмбез тәріздес немесе брахиантиклиналды (бірқанатты) қатпарлар. Бұрынғы КСРО-да тұзды күмбездер Каспий маңы ойпатында көп тараған. Кей жерлерде олар жер бетіне шығып жатады да, тұзды карстар ландшафтары мен тұзды «глетчерлер» құрайды. Мұндай жағдайда тұзды күмбездер аймақтарында топырақ пен жер беті және жер асты сулары тұзға күшті қанығады да, шаруашылыққа пайдалануға жарамсыз болады. Тұзды күмбездер тараған аудандарда тас тұз бен мұнай сияқты пайдалы қазындылар өндіріледі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакңией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.