Төремен Апа-хан - Түрік қағанатының апа-ханы. Мұқан қағанның төмен текті қызметшісінен дүниеге келген үлкен ұлы.
Төремен 581 жылы Тобо қаған қайтыс болғаннан кейін таққа үміткер атанып, қаған болуы тиіс болатын. Төмен тектілігінен әрі мінезділігінен Төремен түрік ақсүйектері тарапынан қолдау таппады. Таспар қағанның өлімінен соң Төременнің немере бауырлары, яғни Қара-Еске қағанның ұлдары тақты кезекпен иеленді. Ашина Шету Баға Ышбара қаған атанып, 581 жылы Төременге Або (阿波系) аймағын беріп, сол жердің Апа-ханы етіп тағайындады. Апа-хан келе-келе иеліктерін күшейтіп, Телеліктер, Кучтар, ивуліктерден салық жинай бастады. 583 жылы Апа-хан қағанның Суй елімен соғысына қатысты. Апа-ханның әскері жеңіліс тауып, қаған қытайлықтармен келісіп алуы мүмкін деп Апа-ханнан күмәндана бастады. Қытай дипломаттары расыменде Апа-ханмен кездесіп, Баға Ышбара қағанды тақтан тайдырып, тақты өзі алуға көндірмек болды. Олар Төременге Суй елімен достық қатынаста болуды үгіттеді.
584 жылы ақпан-наурыз айларында қаған Апа-ханның тұрағын шабуылдап, оның руын жойып жіберді. Ал Төременнің өзі бұл кезде тұрақта болмаған еді.