Ухуань, Увань – ерте дәуірдегі дунхулардың шығыстық тармағы. Б.з.б. 3 ғасырдың басында ғұндар дунхуларды талқандағанда олардың бір бөлігі Ухуань тауын паналағандықтан (қазіргі Ішкі Моңғолиядағы Алукорчин ауданының солтүстік – Дасиналин тауы сілемінің оңт.) ухуаньдар деп аталды. Олардың солтүстігіндегі көршісі санбийлер болды. Ол кезде хуаньдар алғашқы қауымдық қоғамның соңғы дәуірінде тұрды, көшпелі мал ш. негізінде аңшылықпен айналысты, аздап егін екті. Ер адамдары темірден қару-жарақ жасады, әйелдері тоқыма істерімен айналысып, кесте тігумен шұғылданды. ухуаньдар ру болып өмір сүрді, оларда билікке мұрагерлік тәртібі қалыптаспағандықтан, батырлары (“дарын”) рубасы болып танылды. Ухуаньдар б.з.б. 3 ғасырда ғұндарға бағынып, салық төлеп тұрды. Кейін Хань патшалығы ғұндарды жеңгеннен кейін, У-дар кейде қытайларға тәуелді, кейде тәуелсіз болып өмір сүрді. Б.з. 2 ғасырдың соңында қолбасшы Татунның кезінде күшейіп, Қытайдың солтүстік-шығысын – Ляодун өлкесін біртұтас өзіне бағындырды. 3 ғ-дың басында У-дар Хань қолбасшысы Сао Саодан қатты жеңіліске ұшырады да ішкі Қытайға көшіріліп, біртіндеп қытайларға сіңіп, араласып кетті.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |