Фарид Нұрғалиұлы Зигангиров (тат. Фәрит Нургали улы Җиһангиров, 15 тамыз 1954, Киров, РСФСР, КСРО) — КСРО-лық көгалдағы және допты хоккейші. 1980 жылғы Қысқы Олимпиаданың қола жүлдегері.
Әуелі допты хоккеймен шұғылданды. 1970 жылдардың басында Эдуард Айрихтың шақыртуымен Алматыға келді. Ақырындап көгалдағы хоккейді де меңгерген Фарид 1973-87 жылдары алматылық "Динамо" сапында ойнады. 1973-76 жылдары "Динамо" допты хоккей клубында ойнады. 1976 жылдан соң көгалдағы хоккейге түпкілікті ауысты.
1977-87 жылдары КСРО құрамасы сапында 172 ойын өткізді.
1991-92 жылдары "Динамоның" бас жаттықтырушысы қызметін атқарды.