Фауна мен флораны қорғау қоғамы (Fauna and Flora Preservation Society) — 1903 жылы құрылған. Дүние жүзінің жүзден астам елінде мүшелері бар. Мақсаты — өсімдіктер мен жануарлардың түрлерінің құрып кету қатеріне қарсы тұру. Негізгі қызметі — өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлерінің болашағын қорғау, далалық жобалар өткізу, ғаламдық табиғат қорғау қозғалысына қатысу, тақырыптық жобаларды жүзеге асыру (қоғам құрған Оrіх қоры жылма-жыл 20 жобаны қаржыландырады), баспагерлік қызмет.[1]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |