Фер-де-ланс жыланы

Фер-де-ланс – улы жыландардың ішіндегі ең улысы.

Ересегінің ұзындығы 1,2-2 м-ге жетеді. Құрлықта тіршілік етсе де, суда жақсы жүзеді және өрмелейді.

Бұл жыландардың көзі мөлдір қабықпен жабылған, көздерінде қозғалмалы қабақтары болмайды.

Басы жалпақ, үшбұрышты болып келеді, ал денесі сұр немесе қоңыр қабыршақтармен көмкерілген.

Фер-де-ланстың көздері мен тұмсығының ортасында жылу сезгіш шұңқыры болады. Осы сенсорының мықты жұмыс істейтіні соншалық, ол жемтігіне жақындай тұрып-ақ, оның қаншалықты қашықта тұрғанын анықтай алады.

Шаққан кезде шамамен 105 мг уын бөліп шығарса, сауған кезде уының мөлшері 310 мг болған.

Фер-де-ланс жыланы ұрпағын тірідей туады. Жаңа туған жыландардың ұзындығы 30 см-ге жетеді және олардың азу тістері улы болып жетіледі. 20 жылдай тіршілік етеді.

Бұл жылан адам өміріне қауіпті. Адамдар Американы мекендейтін барлық бауырмен жорғалаушылардың ішінде көбіне фер-де-ланс жыланынан зардап шегеді.

Фер-де-ланс жыланы қас-қағым сәтте секіріп, тістеп алады. Уы қанға өтіп, адамның бүкіл ішкі ағзаларының жұмысын бұзады. Медициналық көмек уақытында көрсетілмесе, адамның жүрегі мен бүйрегі қызметін тоқтатады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. У 49 УЛЫ ЖӘНДІКТЕР. - Алматы: «Аруна» баспасы. - 208 бет. - Сер.: «1100 қызықты дерек».