Филипп Мэссинджер

Филипп Мэссинджер

Филипп Мэссинджер (ағылш. Philip Massinger; 1583, Солсбери маңы, Уилт-шир, Англия — наурыз 1639/40, Лондон) — ағылшын драматургі. Джон Флетчер сияқты драматургтермен бірлесе қызмет істегеннен кезеңнен кейін 1620 жылдан бастап Мэссинджер өзінше жазуды бастады. 1625 жылы корольдік театр компаниясының мүшесі болды. Бізге дейін автордың әлеуметтік реализмі мен сатиралық мәнерлілігі жөнінен керемет 15 дербес жұмысы толық жетті. Олардың ішінде экономикалық және әлеуметтік мәселелерді қарастыратын «Ескі қарызды төлеудің жаңа тәсілі» (1624) атты танымал әрі керемет шығармасы, «Қала ханымы» (1632), сондай-ақ «Рим әртісі» (1626) атты тарихи трагедиясы бар.