Финитизм (латынша Finite - шегі бар) - 1) шексіздік категориясын обьективті нақтылы мазмұнын бекерге шығаратын философиялық концепция. Финитизм не әлемде, не микро дүниеде, тіпті біздің ойымызда да ешқандай шексіздік кездеспейді, өйткені адам өз тәжірбиесінде тек шектелген дүниенің жеке заттарын, құбылыстарын, қасиеттерін ғана танып біледі - деген тұжырымға сүйенеді. Шексіздік пен шектілікті метафизикалық тұрғыда бір-біріне қарсы қою арқылы Финитизм олардың таным диалектасымен байланысын жоққа шығарады.
Финитизм - 2) Математика мен математикалық логикада формаларды жүйелерді негіздеуде қайшылықсыз айқын тұжырымдарға сүйенентін тәсілдерді қолдану Финитизм деп аталады. [1]