Франсуа Бероальд де Вервиль

Франсуа Бероальд де Вервиль (фр. François Béroalde de Verville) (15 сәуір 1556 жыл – 26 қазан 1626 жыл), француз жазушысы [1].

1616 жылы шыққан «Le Moyen de Parvenir» атты шығармасымен танылады. Шығармалары орыс тіліне аударылған. Маньеризм бағытында жазады. 1593-96 жылдары «Флориданың бастан кешкендері» (фр. Les Aventures de Floride) атты романын жазады. Романның "Минерваның кабинеті" (фр. Le Cabinet de Minerve,1596) атты бесінші бөлімі эстетикалық маньеризммен байланыстырылып жазылған. 1610 жылы «Жолы болғыш ханзаданың саяхаттары» (фр. Le Voyage des Princes Fortunez) атты аллегориялық романы жарық көреді. Сондай-ақ трактаттар мен поэмалар жазған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B5%D1%80%D0%BE%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%B4_%D0%B4%D0%B5_%D0%92%D0%B5%D1%80%D0%B2%D0%B8%D0%BB%D1%8C