Френулаталар (Frenulata) — погонофоралар типінің бір класы. Мұхиттар мен теңіздерде тіршілік етеді. Денесінің алдыңғы ұшында бір клеткалы пиннулалары (бунақты өскін) бар қарапайым немесе қауырсын тәрізді қармалауыштары және кутикулалы жүгені (frenulum) орналасқан. Аталықтарының ұрық жолдарында сперматофоралар] қалыптасады. Белдеулерінде және денесінің артқы бөлімінде қарапайым тісті қылтандар метамерлі түрінде орналасқан. Френулаталардың 2 отряды бар: атеканефриялар (Athecanephrіa) және теканефриялар Thecanephrіa).
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |