Футболдан Қазақстан Суперкубогы 2013 — 2013 жылғы Қазақстан Суперкубогының жеңімпазын анықтайтын матч. 2012 жылғы Қазақстан чемпионы "Шахтер" мен 2012 жылғы Кубок иесі "Астана" сынға түсіп, кеншілер ("Шахтер") 3:2 есебімен жеңіске жетті[1].
«Астана-Арена» стадионынан 11 2000 жанкүйер (ал тiкелей эфирден сан мыңдаған адам) тамашалаған тартысты бәсекенiң бiраз бөлiгi қарағандылықтардың басымдығымен өттi. Алайда, алғашқы таймда есеп ашылған жоқ. Кездесудiң екiншi бөлiгiнiң ортасына таяу айналдырған алты минуттың iшiнде чемпиондар таразы басын өздерiне аударып үлгердi: 55-минутта Мақсат Байжанов есеп ашса, ал 60-минутта Андрей Порываев оны еселей түстi. Нәтиже белгiлi ме? Жоқ, астаналықтардың бұған жауабы дайын екен, 64-минутта Фокси Кетевоама бiр доппен қарымта қайырды, жалпы ойынның соңғы бөлiгi қарағандылықтардың қақпасының маңында өттi. Ақыры 90-минутта Сергей Остапенко есептi теңестiрдi – 2:2.
Қосымша уақытта да алаң иелерi бiршама белсендiрек көрiндi, дегенмен, гол соғатын ұрымтал сәттердi уыстан шығарып алды. Ал 117-минутта Жамбыл Көкеев өзiне берiлген мүмкiндiктi мүлт жiберген жоқ – 3:2! «Шахтер» Суперкубок иегерi атанды.
"Алматы Ақшамы", 2013 жыл
3 наурыз 2013. 17:00 |
|
Астана Арена, Астана Көрермендер саны: 11,200 Төреші: Игорь Хисамутдинов |
|