Хо (халық)

Хо
Бүкіл халықтың саны

1,2 млн.

Ең көп таралған аймақтар

 Үндістан

Тілдері

мунда тілі

Діні

индуизм, дәстүрлі нанымдар.

ХоҮндістандағы халық, негізінен Джаркханд штатында, Сингхбхум аймағында, сондай-ақ Орисса және Батыс Бенгалия штаттарында тұрады. Жалпы саны 1,2 млн. адам.[1]

Тілі - мунда тілі.[2] Деванагари жазуын немесе варанг-кшити түпнұсқасын қолданады.[3]

Сенушілер индуистар, кейбіреулері дәстүрлі нанымдарды ұстанады.[4]

Негізгі дәстүрлі кәсіптері – егіншілік (күріш, тары, бұршақ дақылдары), терушілік, аңшылық, балық аулау. Ірі қара мал шаруашылығының (ешкі, қой, сиыр, буйвол) маңызы төмендеуде. Жастар қалаларға кетіп жатыр.[5]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әр ауылда киелі тоғай, зират, ғұрыптық билер алаңы бар. Қазіргі заманғы хо айтарлықтай әлеуметтік стратификацияға ие, жұмысшы табы мен интеллигенция қалыптасты. Қалыңдыққа төленетін төлем өте жоғары (10-нан 70 бас ірі қараға дейін), мал ақшаға көбірек ауыстырылуда. Бақсылардың, әсіресе әйел бақсылардың рөлі зор.[6]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Хо халқы. Тексерілді, 9 желтоқсан 2024.
  2. Үлкен Кеңестік Энциклопедия. Тексерілді, 9 желтоқсан 2024.
  3. Хо сөзінің мағынасы. Тексерілді, 9 желтоқсан 2024.
  4. Хо. Тексерілді, 9 желтоқсан 2024.
  5. Әлем халықтары/Хо. Тексерілді, 9 желтоқсан 2024.
  6. В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 600. — 930 б. — 100 000 таралым. — ISBN 5-85270-155-6.