Хо Жун

Хо Жун (кор. 허준, 1537/1539 - 9 қазан 1615) - Кореядағы Чосон династиясының патшасы Сончжоның сарайында қызмет еткен дәрігер. Яңчон аймағының тумасы.

Биографиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ол 29 жасында сарай дәрігері қызметіне тағайындалды. Дәрігер бола жүріп бірнеше медициналық еңбектер жазып қалдырған. Олардың ішіндегі ең құндысы - Донгуи богам (Шығыс медицинасының айнасы). Бұл еңбек корей медицинасының ең басты еңбегі деп саналады. Еңбек Шығыс Азия елдеріне соның ішінде Қытай, Жапония, Вьетнамге жақсы таралып, әлі күнге дейін құндылығын жоймаған. Уақытының көп бөлігін патша сарайында өткізседе, Хо Жун емдеу жолдарының қарапайым халыққа түсінікті болуына үлкен мән берген. Сол уақытта емдеу жолдары көбіне қымбат бағалы дәрілермен емделуден тұрды. Осы жолмен емдеу бағасын көтеру көзделді. Хо Жун болса бұл әдістерді қолдамай, қара халыққа қолжетімді емдік шөптерді қолданды. Онымен қоса ол емдік шөптердің атауын жазғанда қарапайым хангыль әріптерін қолданды. Ал бұған дейін емдік шөп атаулары күрделі ханджу әріптерімен (қытай иероглифтері) жазылып жүрді. Ханджу әріптерін қарапайым халық өкілдеріне түсіну қиынға соқты. Хо Жунның атымен, жеткен жетістіктерін корейліктер бүгінде ұмытпаған. «Дунгуй Богам» еңбегі әлі күнге дейін қолданылады.[1][2]

  • Атасы

Хо Гон (허곤, 許 琨) (경상도 우수사)

  • Әкесі

Хо Рюн (허륜)

  • Анасы

Ёнгван Ким руынан шыққан Ким бикеш (영광 김씨)

  • Бауырлары

Үлкен бауыры: Хо Ок (허옥, 許 沃) Кіші бауыры: Хо Цзин (허징, 許 徵) (1549 -?)

  • Туыстары

Хо Бонг (허봉, 許 篈) (1551 - 1588) Хо Сон (허성, 許 筬) (1548–1612), Нансолеон, Хо бикеш (난설헌 허씨, 蘭 雪 軒 許 氏) (1563-19 марта 1589), Хо Гюн (허균, 許 筠) (10 желтоқсан 1569 - 12 қазан 1618)

  • Әйелі

Андонг Ким руынан Ким бикеш (정경부 인 안동 김씨)

  • Ұлы

Хо Кём (허겸, 許 謙) (파 릉군, 巴陵 君)

Мәдениетте

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Ким Му Саең 1975 жылы MBC-лік Jibnyeom сериалында Хо Жунды сомдады.
  • Ли Сун Чже 1976 жылы Jibnyeom фильмінде Хо Жунды сомдады.
  • Сео Ин-Сок 1991 жылы MBC-лік «Донгуи Богам» сериалында Хо Жунды сомдады .
  • Чон Куаң Рёль 1999-2000 жылдары MBC-лік Тәуіп Хо Жун сериалында Хо Жунды сомдады.
  • Ким Чжу Хек пен Кан Хан Беол 2013 жылы MBC-лік Hur Jun сериалында Хо Жунды сомдады.
  • Юн Ши Юн мен Ким Кап Су 2016 жылы JTBC-тік «Мыстанның айнасы» сериалында Хо Жунды сомдады.

Ли Юнның Dongui Bogam романы 1990 жылы жарық көріп бестселлерге айналды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Han, Sang-hee Mirror of Eastern Medicine Becomes UNESCO Heritage. The Korea Times (31 July 2009). Басты дереккөзінен мұрағатталған 13 желтоқсан 2013. Тексерілді, 20 наурыз 2013.
  2. Chung, Ah-young Korean of Dongui Bogam Unveiled. The Korea Times (7 August 2009). Басты дереккөзінен мұрағатталған 13 желтоқсан 2013. Тексерілді, 20 наурыз 2013.