Хонджон

Хонджон (1827-1849) — Чосон патшалығының 24-ші ваны (1834-1849). Манджо ханзаданың жəне Синджон патшайымның ұлы, Чонджо патшаның немересі.

Билік етуі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Таққа сегіз жасында отырып, елді 1834-1840 жылдары әжесі Сунвонның туыстары регент ретінде басқарды. 1840 жылы билік анасы жағынан туыстарына өтті. Ресми билік етуі 1841 жылдан бастау алды. Елдегі католиктерді қудалау саясатын жалғастырды. 1849 жылы Хонджон дүние салды. Оның ізін жалғастыратын мұрагері болмады. 1899 жылы 50 жылдан соң, оған император мәртебесі берілді. Таққа Чхольчхон отырды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Концевич Л. Р. Хронология стран Восточной и Центральной Азии. — Москва: Восточная литература РАН, 2010. — 806 с. — ISBN 978-5-02-036350-2.
  • История Востока. Восток в новое время (конец XVIII — начало XX вв.) Том 4. Книга 1. Под редакцией Рыбакова Р. Б., Алаева Л. Б. М., 2004 — С. 608. — ISBN 5-02-018102-1
  • Тихонов В. М., Кан Мангиль. История Кореи: В 2 т. Т. 1: С древнейших времен до 1904 г. (Orientalia et Classica: Труды Института восточных культур и античности: вып. 41.) — М.: Наталис, 2011. 533 с. — ISBN 978-5-8062-0343-5