Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Хосокава Тадаоки 細川 忠興 | |
Хосокава Тадаоки | |
Өмірбаяны | |
---|---|
Дүниеге келуі | 28 қараша 1563 |
Қайтыс болуы | 18 қаңтар 1646 (82 жас) |
өңдеу |
Хосокава Тадаоки (細川 忠興?,1563 жыл 28 қазан - 1646 жыл 18 қаңтар) - Эдо дәуірінің басында, Сэнгоку дәуірінің аяғында өмір сүрген жапон даймесі. Кокура-хан (1602—1620) жерінің бірінші басшысы.
Хосокава Фудзитаканың үлкен ұлы әрі мұрагер3. 15 жасында Ода Нобунага жағында болып, өзінің алғашқы шайқасына қатысқан.
1580 жылы Тадаоки Танго ауданындағы жерлерді иелігіне алған. Осыдан кейін ол Акэти Мицухидэ атты адамның Грация атты қызына үйленген. 1582 жылы Акэти Мицухидэ Ода Нобунага атты басшысына қарсы көтеріліске шығып, оны астанадағы Хонно-дзи ғибадатханасында қоршауға алған. Ода Нобунага харакири жасауға мәжбүр болған. Акэти Мицухидэ өзін сегун ретінде жариялап, билік үшін басқа да үміткер қолбасшыларға қарсы күресті бастаған. Ол Фудзитака атты адамнан және оның Тадаоки атты ұлынан көмек сұраған.
Хосакава Тадаоки 1584 жылы Тоетоми Хидэеси жағында Комаки және Нагакутэ шайқастарында соғысқан. 1590 жылы Го-Ходзе тегіне қарсы өткен соғысқа қатысқан.
1620 жылы Хосокава Тадаоки кейін Кокура-хан жерінің екінші даймесі атанған Тадатоси атты баласының пайдасына орай биліктен бас тартқан. 1623 жылдың қаңтар айында 82 жасар Хосокава Тадаоки жан тапсырған.