Чихиртма — қой етінен немесе үй құстарынан дайындалатын грузиндердің ұлттық сорпасы.
Бұл сорпаларға жарма немесе көкөніс салмайды. Ет сорпасын қоюлату үшін ұн немесе жұмыртқалы-қышқылды қоспалар салынады. Етті қайнатып, одан кейін жапырақтап турап қуырады да қайтадан алғашқы қайнатылған сорпаға салады. Піскен етті сорпадан алып қояды да, сорпаға алдымен ұн салып 5 мин-тай қайнатады (тауық сорпасына ұн салынбайды). Жұмыртқалы-қышқылды қоспа әзірлеу үшін бұлғанған жұмыртқа сарысына (1—2 шай қасық ұн, 1 ас қасық жылы сорпа, 4 жұмыртқа сарысына 1/3 стақан лимон шырыны қосылған) жарты стақан жылы сорпа құйылады. Осы пайда болған қоспаны ет сорпасына қосып араластырады. Содан соң сорпаға қайтадан етті, қуырылған пиязды, татымдықтарды қосады және үстіне 50 г ткемали салады. Осы сорпа қайнағанға дейін қыздырылады да 3 мин-тан соң столға қойылады.[1]
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() | Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |