Чон Бон Чжун(전봉준 (全琫準))(1853,Оңтүстік Корея,Чолладо провинциясы,- 1895) - Кореядағы шаруалар көтерілісінің басшысы. 1888 жылы Тонхак сектасына кіріп, оның Кобудегі бөлімін басқарды. 1894 жылы кейін бүкіл елді қамтыған Чолладо провинциясындағы шарулар көтерілісіне басшылық етті. Чон Бон Чжун шаруалар соғысы барысында көтерілісшілерді петициялық жолға бұрмақ болған Тонхак сектасының өкілдерінен қол үзді.