Ауыл | |
Шамалған | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Ауылдық округ орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
43°11′30″ с. е. 76°31′55″ ш. б. / 43.19167° с. е. 76.53194° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°11′30″ с. е. 76°31′55″ ш. б. / 43.19167° с. е. 76.53194° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1910 |
Бұрынғы атаулары |
Үшқоңыр |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▲28644 адам (2021) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
05 |
Шамалған шекарасы
|
Шамалған — Алматы облысы Қарасай ауданындағы ауыл, Шамалған ауылдық округі орталығы. 2010–2017 жылдары Үшқоңыр деп аталған.
Аудан орталығы - Қаскелең қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 8 км-дей жерде, Үшқоңыр тауының етегінде, Шамалған өзені бойында орналасқан.
1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
10013 | ▲13616 | ▲28644 | 210,4 | 6706 | ▲14040 | 209,4 | 6910 | ▲14604 | 211,3 |
Іргесі 1910 жылы қаланған. 1961-1997 жылдары көкөніс-сүт өндіретін кеңшардың орталығы болды. Оның негізінде Шамалғанда, Айқым және 2013 жылға дейін Шамалған ауылдық округі құрамында болған Еңбекші, Құмарал, Сауыншы және Үштерек ауылдарында 700-ге жуық шаруа қожалығы, ауыл шаруашылығы бағытындағы 8 ЖШС, “Т.Рысқұлов атындағы университеттің биокомбинаты” ЖАҚ-ы, “Қазтеміржол-жабдықтау”, “Достар”, “Селден қорғау” ЖШС-тері орналасқан. [3] Шамалған атауы Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 10 ақпандағы N 11 қаулысы және Алматы облыстық маслихатының 2010 жылғы 10 ақпандағы N 28-179 шешімімен Үшқоңыр деп өзгертілген болатын [4], алайда 2017 жылғы 27 шілдеде Алматы облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс XIX сессиясы шешімімен ауылдық округ пен ауылға бұрынғы Шамалған атауы қайтарылды [5]
|