Шарль Куапо д’Ассуси (16 қазан 1605 жыл, Париж – 29 қазан 1677 жыл (Париж) – француз ақыны, актёр, әнші және композитор. [1] Оның музыкалары бізге жетпеген, бірнеше төрт дауысты әндері ғана сақталған. 1642 жылы Гассендидің үйірмесіне қатысады. Сент-Аман, Скаррон және Сирано де Бержеракпен танысуы оны бурлеск жанрында жазуына ықпал етеді. Сол уақытта «Төреші Парис» атты поэма жазады. 1650 жылы Корнельдің «Андромеда» және «Аполлон мен Дафнаның махаббаты» атты трагедияларына музыка шығарады. 1655 жылы «Д’Ассусидің саяхаттары» атты екі томдық шығармалар жинағын жарыққа шығарады.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|