Шармба Митчелл

Шармба Митчелл (Sharmba Mitchell; 27 тамыз 1970, Такома-Парк Мэриленд, АҚШ) — американдық кәсіпқой боксшы, жеңіл, 1-ші жартылай орта және жартылай орта салмақта өнер көрсетеді. 1-ші жартылай орта (WBA нұсқасы, 1998-2001; IBF уақытша атағы, 2004) салмақтағы әлем.

Биографиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1988 жылы қыркүйек айында кәсіпқой рингтегі алғашқы айқасын өткізді. 1994 жылы наурызда жеңіліс көрмеген қос боксшы - Шармба Митчелл мен Левандер Джонсон арасында айқас өтті. Джонсон қарсыласын 8-ші раундта нокаутқа түсірді. 1994 жылы маусымда Митчелл жеңіліс көрмеген Стиви Джонстонмен айқасты. Джонстон қарсыласын 9-шы раундта нокаутқа түсірді. 1998 жылы қазанда Митчелл 1-ші жартылай орта салмақтағы WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Халид Рахилумен кездесті. Митчелл қазылардың бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. 1999 жылы ақпанда Митчелл Педро Саисты жеңді. 1999 жылы сәуірде Реджи Гринды қазылардың басым көпшілігінің шешімі бойынша жеңіске жетті. 1999 қарашада Митчелл Элио Ортисты ұпай санымен жеңді.