Шахрам Жәмшеұлы Гиясов | |
өзб. Shaxram Jamshedovich Giyasov | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Лақап аты |
«Ғаламат жігіт» — ағылш. «Wonder Boy» |
Азаматтығы | |
Туған күні | |
Туған жері | |
Тұрғылықты жері | |
Салмағы |
1-жартылай орта (63,5 кг), |
Тұрысы |
әмбебап |
Бойы |
176 |
Қолдың қарқыны |
178 |
Стилі |
панчер |
Бапкері |
Олим Мухамедов, Равшан Ходжаев |
Команда |
Мир бокс |
Рейтингтері | |
BoxRec рейтинг бойынша позициясы |
22 |
Кәсіпқой карьерасы | |
Айқастар саны |
13 |
Жеңгені |
13 |
Нокаутпен жеңгені |
9 |
Қызметтік тізімі (boxrec) |
Марапаттар | ||
---|---|---|
Men's Boxing | ||
Олимпиада ойындары | ||
Күміс | Рио-де-Жанейро 2016 | 69 кг дейін |
Әлем чемпионаты | ||
Алтын | Гамбург 2017 | 69 кг дейін |
Азия чемпионаты | ||
Алтын | Ташкент 2017 | 69 кг дейін |
Шахрам Жәмшеұлы Гиясов (өзб. Shaxram Jamshedovich Giyasov; 7 шілде 1993, Бұхара, Өзбекстан) — өзбекстандық боксшы. 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиаданың күміс жүлдегері. 69 келіге дейінгі салмақта әуесқойлар арасында 2017 жылғы Әлем және 2017 жылғы Азия чемпионы. 2017 жылғы Азияның үздік боксшысы (әуесқойлар арасында). «Өзбекстан ифтихори» құрметті атағының иегері[1].
2019 жылдың сәуір айында кәсіпқой ретінде Super Lightweight салмақта (63,5 келіге дейін) WBA International чемпиондық белбеуін жеңіп алды.
«Менің әкем мен ағам әрқашан керемет боксшы болуға ұмтылды. Бірақ олардың жастық шағында басқа уақыт, басқа мүмкіндіктер болды, сондықтан олар бұл арманын орындай алмады. Бірақ мен дүниеге келгенде, олар мені спортшы етіп, осы мақсатқа өздерін толығымен арнауды шешті, мен қазір осыған өте ризамын, өйткені мен екі туысымның және маған қымбат адамдардың арманын орындай алдым[2].
«Мен 5-сыныпта жаттыға бастадым. Ол кезде жерлестеріміз Мұхаммадқадыр Абдуллаев пен Аббас Атаев әлемдік рингте өздерін танытып, Олимпиада жеңімпаздары мен чемпиондары атанып үлгерген болатын. Мен оларға қарап, кішкентай кезімде Олимпиадада өз елімнің намысын қорғасам деп армандайтынмын. Өзбекстаныма алтын әкелгім келді! Бар үмітімді ақтап, ең асыл арманым – елімнің чемпионы болғым келді.
2014 жыл — Якутск қаласында өткен бокстан студенттер арасындағы VI әлем чемпионатында 64 келі салмақта алтын медал алды, Шахрам финалда қазақстандық Мәулен Өскенбекті жеңді[3].
2016-2018 жылдары — Дүниежүзілік бокс сериясында (WSB) Өзбекстанның «Uzbek Tigers» командасы сапында өнер көрсетті.
2016 жылы — Рио-де-Жанейрода өткен 2016 жылғы Олимпиада ойындарының бокстан 69 келіге дейінгі жартылай орта салмақта күміс жүлдегер атанды. Бокс турнирінің финалында Шахрам 2013 жылғы Әлем чемпионы және 2015 жылғы Азия чемпионы Данияр Елеусіновпен болған жекпе-жекте жеңіліп қалғанымен, Азия бокс конфедерациясының шешімімен «Жыл жаңалығы» деп танылды.
2017 жылы — Сәуір айында Бангкок қаласында өткен Тайланд патшасы кубогында 2016 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы қазақ Садриддин Ахметовпен финалдық жекпе-жекке шыға алмай, үйіне қайтты. Бірақ өз алаңында Азия чемпионы атанды (мамыр, Ташкент) — финалда қазақ боксшысы Аблайхан Жүсіповті жеңді. Қыркүйек айында Гамбургте жартылай финалда Жүсіповті тағы да жеңіп[4], финалда Лондон-2012 Олимпиадасының чемпионы кубалық Рониел Иглесиасты жеңіп, әлем чемпионы атанды[5]. Желтоқсан айында Шахрам Гиясов 2017 жылғы Азияның үздік боксшысы деп танылып[6], кәсіпқой боксқа ауысатынын мәлімдеген болатын[7].
Алайда, «Uzbek Tigers» командасы сапындағы соңғы әуесқой жекпе-жегінде 2018 жылдың 18 ақпанында Талдықорғанда (Қазақстан) қазақстандық «Astana Arlans» командасынан шыққан Асланбек Шымбергеновке жеңіліп қалды[8].
2021 жылдың қазан айының соңында Белградта (Сербия) өткен әлем чемпионатына 71 келіге дейінгі салмақта қатысып, тағы да тәжірибелі қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергеновтен ұпай саны бойынша (0:5) жарыстың 1/16 финалында жеңіліп қалды[9].
2018 жылғы 3 наурызда Нью-Йоркте Андрей Рябинскийдің «Бокс әлемі» промоутерлік компаниясы Өзбекстанның екі болашағы зор әуесқой боксшыларымен, 2016 жылғы Олимпиаданың күміс және қола жүлдегерлерімен: 24 жастағы Шахрам Гиясов және 23 жастағы Мұратжан Ахмадалиевпен эксклюзивті промоутерлік келісімшарттарға қол қойды. Екеуінің де менеджері Руслан Хусинов, бапкері Джастин Гамбер болды. Екі боксшы да кәсіпқой мансабын 2018 жылдың 10 наурызында мерзімнен бұрынғы нокаутпен бастады. Гиясов Бруклиндегі ескі нью-йорктік Kings Theatre театрының сахнасында бірінші раундтың 8-секундында Солақай (El Zurdo) лақап аты бар аргентиналық боксшы Николас Веласкестің (10-2-0, 3КО) бауырға соққы жасап, нокаутқа түсірді.
Ал 2018 жылдың 21 сәуірінде сол жерде Тиін (Squirrel) лақап аты бар тәжірибелі мажарлық джорнимен Габор Горбичті (24-10-0, 14КО) да жеңді.
2018 жылдың мамыр айында кәсіпқой бокстағы сәтті бастауынан кейін екі боксшыны Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Үміт Ахматжанов қабылдап, Токио-2020 Олимпиадасында ел намысын қорғауға келісті. 2016 жылдың маусым айында Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (AIBA) кәсіпқой боксшылардың Олимпиада ойындарына қатысуына рұқсат беру туралы шешім қабылдағаны белгілі.
Ал, Шахрам Гиясов келесі жекпе-жегін 14 шілдеде Лос-Анджелесте соңғы екі жылда қатарынан 4 жекпе-жегінде жеңілген Tocado (Мас соққы) лақап аты бар мексикалық Даниел Ешеверрияға (Daniel Echeverria, 19-5-0, 17КО) қарсы өткізді. Өзбек боксшысы оны бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді.
Шахрам келесі жекпе-жегін 18 тамызда Калифорнияда Торнадо лақап аты бар Гана боксшысы Алберт Менсаға (31-6-1, 15КО) қарсы өткізіп, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
22 қыркүйекте Лондондағы Уэмбли аренасында Гиясов әлі жеңілмеген никарагуалық Хулио Лагунаны (14-0-0, 10КО) 4-раундта әсерлі түрде нокаутқа түсірді.
2018 жылдың 24 қарашасында Атлантик-Ситиде (АҚШ) өзбек боксшысы бірінші раундта нокдауннан кейін мексикалық Мигель Замудионы (41-11-1, 25КО) нокаутқа түсірді.
2019 жылы Гиясов Welterweight санатынан (66,7 келі, жартылай орта салмақ) Super Lightweight санатына (63,5 келі, бірінші жартылай орта салмақ) ауысты. Ал 2019 жылдың 23 ақпанында Тихуанада (Мексика) жергілікті 36 жастағы боксшы Эдгар Пуэртаға (25-11-1, 19 КО) қарсы 5-раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
26 сәуірде Инглвудта (АҚШ, Калифорния) бірауыздан қабылданған шешіммен қара американдық Еммануел Тейлорды 10 раундта жеңіп, WBA International Super Lightweight салмақтағы алғашқы атағын жеңіп алды.
13 жекпе-жек, 13 жеңіс (9 нокаутпен). | |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
Айқас | Есеп | Күні | Қарсыласы | Болған жері | Нәтижесі | Түсініктеме | |
9 | 9 (7)-0 | 24 тамыз 2019 | Дарлейс Перес (34-4-2, 22 КО) | Centro de Usos Multiples, Ермосилио, Сонора, Мексика | TKO 1 (10)
2:32 |
WBA International Super Lightweight Title титулын қорғады. | |
8 | 8 (6)-0 | 26 сәуір 2019 | Еммануел Тейлор (20-5-0, 14 КО) | Forum, Инглвуд (Калифорния), АҚШ | UD (10) | WBA International Super Lightweight Title бос титулын жеңіп алды. | |
7 | 7 (6)-0 | 23 ақпан 2019 | Эдгар Пуэрта (25-11-1) | Auditorio Municipal, Тихуана, Мексика | ТКО 5 (8) | Super Lightweight санатындағы алғашқы жекпе-жегі (63,5 кг дейін). | |
Басқа салмақ санатына ауысуы | |||||||
6 | 6 (5)-0 | 24 қараша 2018 | Мигел Замудио (41-10-1) | Hard Rock Hotel & Casino, Атлантик Сити, АҚШ | ТКО 1 (6), 2:41 | ||
5 | 5 (4)-0 | 22 қыркүйек 2018 | Хулио Лагуна (14-0-0) | Уембли, Лондон, Ұлыбритания | TКО 4 (8) | ||
4 | 4 (3)-0 | 17 тамыз 2018 | Алберт Менса (31-6-1) | Fantasy Springs Casino, Индио, АҚШ | КО 3 (8) | ||
3 | 3 (2)-0 | 14 шілде 2018 | Даниел Ешеверия (19-5-0) | Florentine Gardens, Голливуд, Лос Анжелес, АҚШ | КО 1 (6), 2:58 | ||
2 | 2 (1)-0 | 21 сәуір 2018 | Габор Горбич (24-10-0) | Kings Theatre, Бруклин, Нью-Йорк, АҚШ | UD (6) | ||
1 | 1 (1)-0 | 10 наурыз 2018 | Николас Веласкес (10-2-0) | Kings Theatre, Бруклин, Нью-Йорк, АҚШ | KO 1 (6), 0:08 | Welterweight санатындағы кәсіпқой дебюті (66,7 кг дейін) |