Автомобиль шинасы — автомобильдің доңғалағына орнатылған ауа үрленген серпінді қаптама.
Аркалы шина — иін түріндегі пішіндерден тұратын биіктігінің еніне қатынасы 0,4-0,5 болатын жертұтқысы биік камерасыз шина.
Камерасыз шина — ішкі қабаты ауа өткізбейтін резеңкеден жасалған және ауасы бар қуыс түріндегі арнаулы тоғыны бар шина.
Жоғары қысымды шина — ауаның ішкі қысымы 0,6-0,7мПа-ға дейін және жоғары болатын пневматикалық шина.
Жарыстық велосипедтің шинасы — біртұтас етіп дайындалған камералы шина.
Диагональды шина — өсі арқылы өтетін жазықтыққа 30°-40° брекерде және қатынаста болатын корд жібіне бұралып иілген пневматикалық шинасы.
Жол шинасы — жоғары жылдамдықта жолдың бетімен жақсы іліністі қамтамассыз ететін протекторында суреті бар шина.
Қысқы шина — қарлы, сулы және қопсылы жолдарда жұмыс істеу үшін бедеріндегі қысқы суреті протекторы бар шина.
Камералы шина — покрышкасы, камерасы болатын, ал жүк автомобильдердің шинасындағы құрсау лентасы болатын пневматикалық шина.
Төмен қысымды шина — ішкі қысымы 0,1 -0,4 мПа аралығында болатын пневматикалық шина.
Биіктігі төмен шина — әдетте жеңіл автокөліктерде пайдаланылатын, сапа биіктігінің, еніне 0,1-0,9 қатынасына тең пневматикалық шина.
Пішіні әдеттегідей шина — биіктігінің, еніне қатынасына 0,9-1,0 тең болатын пневматикалық шина.
Диагональды белдеуленген шина — шинаның өсі арқылы өтетін, брекердегі жіпшелердің орналасу бұрышы 60° диагональды шина.
Пневматикалық шина — саңылаусыз қуыстағы сығылған ауа есебінен иілімділігі туатын шина.
Жүру қабілеті жоғары шина — автомобильге дымқыл қара топырақта, дымқыл шыбындықта, қарлы далада жүруге мүмкіндік беретін, протектор суреті бар, өту мүмкіндігі жоғары, пневматикалық шина.
Радиалды шина — ауыр жүкті көтеруге төзімді, жоғары иілімді, корд жіпшелері радиалды орналасқан пневматикалық шина.
Қысымын реттеуге келетін шина — саласы кеңейтілген, жоғары иілімді, ауаның ауыспалы 0,05 тен 0,35 мПа-ға дейін қысыммен жұмыс істеуге қабілетті пневматикалық шина.
Қысымы төмендеген шина — ішкі қысымы 0,05-0,08 мПа болатын пневматикалық шина.
Болат каркасты шина — корды металл жіпшелерден жасалған радиалды шина.
Орташа қысымды шина — ішкі ауа қысымы 0,4-0,6 мПа болатын пневматикалық шина.
«РС» типті шина — әдетте сақина түрінде болатын, шешілмелі протекторы бар радиалды шина.
Әмбебап шина — топырақты, құмды жолдарда пайдалану үшін арналған, протектордың суреті бар пневматикалық шина.
Тікенекті шина — дөңгелектердің сыртқы резеңкесі тікенектелген болып келетін, мұзды, тайғақ жолда жүруді оңайлататын пневматикалық шина.
Кең пішінді шина — әдетте төмендетілген немесе реттелетін ішкі қысымы бар, биіктігінің еніне қатынасы 0,6-0,8 тең пневматикалық шина.