Шметтерлинг зымыраны

Шметтерлинг Hs 117 зымыраны

Һеншель Hs 117 «Шметтерлинг» зымыраны (нем. Schmetterling; шметтерлинг — көбелек) — Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германияда жасалған жер-әуе зымыраны. Оның әуе-әуе түрі де болған.

Зымыранды басқарушы оны арнайы дүрбі арқылы бақылап, радио арқылы джойстик секілді басқару құралымен басқарып отырған.

1941 жылы профессор Һерберт Вагнер (ол бұрынырақ кемелерге қарсы қолданылатын "Һеншель Hs 293" зымыранын да жасап шығарған болатын) Шметтерлинг зымыранын ойлап шығарып, оны Рейх Әуе министрлігіне (RLM) тапсырды. Бірақ министрлік жобаны қабылдамады, себебі ұшаққа қарсы қолданылатын қару-жарақ түрлері жеткілікті болатын.

Алайда 1943 жылы Германияны жаппай бомбылау басталғанда Рейх Әуе министрлігі ойын өзгертіп, "Һеншель" фирмасы оны жақсартып, шығара бастауға тапсырыс қабылдады. 59 сынақ атуы болып, оның 34-і сәтсіз аяқталды.

1944 жылдың мамырында Hs 117 зымыранының сынақтары табысты аяқталды. Оны жаппай шығара бастау 1944 жылдың желтоқсанына белгіленіп, ұрыс жағдайында қолдана бастау 1945 жылдың наурызына белгіленді. 1945 жылғы қаңтарда зымыранның жаппай өндіріске арналған үлгісі дайын болды, бірақ ақпанның 6-сында СС-обергруппенфюрері Һанс Каммлер бүкіл жоспарды тоқтатып тастады.

Зымыранның Hs 117H деген түрі Дорниер Do 217, Юнкерс Ju 188, or Юнкерс Ju 388 ұшақтарынан ұшырылуға лайықтап жасалған. Ол зымыранның өзін ұшырған ұшақтан 5 км жоғары ұшып жүрген әуе аппараттарын жоюға мүмкіндігі болған.

Техникалық сипаттамалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Негізгі қолданылуы: жер-әуе зымыраны
  • Жасап шығарушы: "Һеншель" фирмасы
  • Қозғалтқыштары:
    • үдеткіш қозғалтқыштары: 2 Шмиддинг 109-553 қатты отынды үдеткіш, жалпы итеру күші — 4 секундқа созылатын 17.1 kN (1750 kgf).
    • басты қозғалтқыш: сұйық отынды BMW 109-558 зымыран қозғалтқышы, оның итеру күші — 33 секундқа созылатын 3.7 kN (375 kgf), содан соң 24 секундқа созылатын 588 N (60 kgf).
  • Қолданған отыны: азот қышқылы, Тонка
  • Ұзындығы: 4.2 m
  • Диаметрі: 350 mm
  • Қанаттарының жайылымы: 2 m
  • Ұшырылу алдындағы салмағы: 420 kg (үдеткіштерді қоспағанда, үдеткіштерінің жалпы салмағы 170 kg)
  • Жылдамдығы: 183 m/s [сынақтарда: бастапқы жылдамдығы — 304 m/s, кейін 270–210 m/s-қа дейін баяулайды]
  • Жарылғыш жүгі: 100 немесе 250 kg жарылғыш зат (түрлі дерек көздерінде түрліше көрсетіледі)
  • Ұшуұзақтығы: 32 км
  • Биіктігі: 10.7 км
  • Жарғыштары: Fox алыстан жарғышы
  • Бағыттау жүйесі: MCLOS; көзбен бағыттау, радио арқылы бағыттау
  • Бір данасының құны:
  • Ұрыста қашан қолданыла бастады: ешқашан
  • Қолданғандар: Германия. КСРО соғыстан кейін Hs-117 зымыранын Р-105 деген атпен әуеге қарсы қорғаныс жүйесін дамытуға қолданды.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]