Ауыл | |
Шортанбай | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Ауылдық округ орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округ | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | |
Құрылған уақыты |
1910 |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▼1135 адам (2021) |
Шортанбай шекарасы
|
Шортанбай — Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы ауыл, Шортанбай ауылдық округінің орталығы.
Аудан орталығы Құрманғазы ауылынан батысқа қарай 51 км жерде, Еділ тарамдары – Қиғаш пен Теплая өзендерінің қиылысқан жеріндегі аралда орналасқан.
Қазір Шортанбайда балық зауыты, мәдени-тұрмыстық мекемелер жұмыс істейді.[1]
Шортанбай ауылы негізінен сонау XVIII ғасырдан бастап балық аулаумен айналысқан. Сондықтан болса керек осы өңірдің атын сол кездегі өзенге сыймай жататын балықтардың ең өтімді әрі сапалы түрі шортанның түрімен атап, Шортанбай есімін берген.[2] Іргесі 1910 ж. қаланған. 1918 ж. мұнда балық аулау және өңдеу серіктестігі құрылып, ол 1923 ж. Волга (Еділ) – Каспий мемлекеттік балық тресінің, 1932 ж. Орал – Каспий балық кәсіпшілігінің құрамына енген. 1939 – 96 ж. Гурьев балық кәсіпшілігінің Шортанбай балық зауыты қосалқы шаруашылығының орталығы болған.
1999 жылы тұрғындар саны 1395 адам (675 ер адам және 720 әйел адам) болса, 2009 жылы 1411 адамды (679 ер адам және 732 әйел адам) құрады.[3]
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1135 адамды (544 ер адам және 591 әйел адам) құрады.[4]
|