Шренк қызғалдағы | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Tulipa schrenckii Regel | ||||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||||
Tulipa volgensis M.Bieb. ex Eichw., Tulipa hortulanorum Wender., Tulipa odoratissima Vis., Tulipa oxypetala Steven, Tulipa schrenckii var. bicolor Regel, Tulipa schrenckii var. pluriflora Regel, Tulipa turcarum Levier, Tulipa gesneriana var. acutiflora, Tulipa gesneriana subsp. schrenkii (Regel) Nyman, Tulipa monticola E.Wulff, Tulipa splendens Delip. |
Шренк қызғалдағы (лат. Tulipa schrenckii) – лалагүлдер тұқымдасының қызғалдақ туысына жататын көп жылдық баданалы өсімдіктер туысы.
Баданасы жұмыртқа тәрізді, жуандығы 3 сантиметрге дейін жетеді. Сағағы жіңішке, биіктігі 30 см. Жапырақтары 3-4, ланцет тәрізді, жіңішке сопақша келген гүлінен сәл ұзын. Гүлдері ірі, ақ, қызыл не сары түсті. Гүлдерінде қара, ақ немесе сарғыш дақтар болады. Дәндерімен көбейеді. Мамырда гүлдейді, маусымда жемісі пісіп жетіледі. Қауашағы доғал пішінді. Тасты-қиыршықты жерлерде және беткейлерде өседі.
Қазақстанның барлық өңірінде өседі. Шренк қызғалдағы — әсемдік өсімдік, алқабы жылдан-жылға қысқарып келеді. Жер жырту және егісті жедел игеру салдарынан оның қоры жылдан-жылға азаюда. Қызғалдақ Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.