Шұбар батбат кесіртке | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||
Phrynocephalus versicolor (Straush, 1876) | ||||||||||||||||||
Шұбар батбат кесіртке (лат. Phrynocephalus versicolor) - ешкіемерлер тұқымдасына жататын жұмырбас кесірткелер туысының бір түрі. Алакөл және Іле ойпаттарында тіршілік ететін, таралу аймағы шағын түр.
Дене тұрқы 5,5 см-дей. Екі езуінде ұсақ шашақты, үлкен терілі қатпары болады. Қауіп төнгенде ол аузын қатты ашып, езуіндегі терілі қатпарын жазады, оған қан көп келетіңдіктен қызыл түске боятады да, жауына айбат шегеді. Сондықтан оны кейде "құлақты кесіртке" деп те атайды. Қауіп төнгенде жата қалып, екі бүйіріне кезек-кезек ырғалып, құмға сіңіп кететіндіктен "бат-бат" деп аталады. Қорегін көктемде күндіз, ал жаз айларында таңертең және кешке аулайды. Зиянды жәндіктермен қоректеніп, табиғатқа пайда келтіреді. Сәуір айының соңында ұрғашысы ұзындығы 1,1-2,3 см 2-6 жұмыртқа салады. Мамырда олардан үлкендігі 2,2-3,0 см кішкентай жұмырбас кесірткелер шығып, 9 айдан кейін жетіледі. Шұбар бат-бат біздің республикамызда өте сирек кездеседі.
Санының азаюына негізгі себептер - су деңгейінің тұрақсыздығы, сексеуіл дайындау және өрт. Қолдан өсірілмеген. Түрдің Іле ойпатындағы таралу аймағының батыс бөлігі жоспарланып отырған Орта-Іле қорығына енеді. Таралуын егжей-тегіжейлі анықтап, биологиясын зерттеуді жалғастыру қажет.[1]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Phrynocephalus versicolor |