Эклектика – әр түрлі, қарама-қайшы көзқарастардың, теориялық алғышарттардың, саяси бағалардың тоғысуы. Мәселен материализм мен идеализмді жанастырудың көптеген әрекеттері немесе ревизионистердің марксизм мен эмпириокритицизмді, диалектикалық материализм мен кантшылдықты, т.б. ұштастыру ниеті Эклектикалық сипатта болды. Эклектиканың негізгі методология кемшілігі – объективті дүниенің байланыстары мен қатынастары жиынтығынан заттың, құбылыстың нақты тарихи негізділігін ескеріп, олардың басты байланыстарын ажырата алмаушылық және түрлі көріністерін, қасиеттерін тұрпайы түрде біріктіре салушылық болып табылады. Нақты қызмет, саясат саласында Эклектика қателіктер мен жаңсақтықтарға апарып соқтырады, өйткені ол оқиғалар тізбегіндегі басты буынды табуға, тарихи кезеңдердің неғұрлым көкейкесті міндеттерін шешу үшін шаралар белгілеуге бөгет жасайды.[1][2][3]
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |