Элисон Николь Моссхарт (ағылш. Alison Nicole Mosshart, 1978 жылы 23 қарашада туған) — американдық әнші, әндер авторы, суретші және модель. The Kills инди-рок және The Dead Weather блюз-рок топтарының әншісі ретінде белгілі. Музыкалық мансабын 1995 жылы Флорида штатында Discount панк-рок тобының құрамында бастады (топ 2000 жылы тарап кетті).[1] Кейінрек ол британдық гитарист Джейми Хинспен бірге The Kills инди-рок тобын құрды. The Kills-те Элисон "VV", ал Хинс "Hotel" деген аттармен белгілі.
2009 жылдың басында Элисон Джек Лоуренс және Дин Фертитамен бірге Джек Уайт құрған The Dead Weather супертобына қосылды. Топта ол "Baby Ruthless" лақап атына ие.
Моссхарт Веро Бич қаласында (Флорида, АҚШ) туып өскен. Ағасы Мэттью Моссхарт Black Sabbath тобының әншісі Оззи Осборнның қызы Келли Осьорнмен некелескен болатын, бірақ жұп 2014 жылы 9 қаңтарда өздерінің айырылысқанын хабарлады.[2][3]
Моссхарттың Лондонда (Англия) және Нэшвиллде (Теннеси штаты) үйлері бар.
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Alison Mosshart |