Эндрю Вахтель | |
ағылш. Andrew Baruch Wachtel | |
![]() | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Ньюарк, Нью-Джерси, АҚШ |
Ғылыми аясы | |
Жұмыс орны | |
Альма-матер |
Эндрю Вахтель (ағылш. Andrew Wachtel; 1959 ж., 10 ақпанда АҚШ, Нью-Джерси штаты, Ньюарк қаласында туылған) – америкалық ғалым, Нархоз Университетінің ректоры, Ph.D. дәрежесінің иесі, профессор,Х алықаралық қатынастар жөніндегі Кеңестің мүшесі (ағылш.Council on Foreign Relations; Нью-Йорк, АҚШ; 2001), Америкалық өнер және ғылым академиясының толық мүшесі (ағылш. American Academy of Arts and Sciences; 2003).
1959 жылы 10 ақпанда АҚШ, Нью-Джерси штаты, Ньюарк қаласында туылған. Мектепті аяқтағаннан кейін әлемдегі ең беделді және ежелгі оқу орындардың бірі – Гарвард колледжіне түсіп (ағылш. Harvard College), 1981 жылы оны сәтті аяқтады.Кейін оқуын Берклидегі Калифорниялық университетте (ағылш. The University of California, Berkeley) славян тілдері мен әдебиеті факультетінің аспирантурасында жалғастырып, 1987 жылы сонда Ph.Dдәрежесін алды.
Көп жылдар бойы Орталық Азиядағы Америкалық университетті (Қырғызстан) басқарған. Өзінің қызмет орнында айтарлықтай жетістіктерге жетіп, университетті Орталық Азиядағы жоғары білімнің көшбасшылары қатарына қосты.
Сонымен қатар, ректор Э. Вахтель Нархоз Университетін құрамында білім беру және ғылыми қызметтері мен жүйесі модернизацияланған заманауи бәсекеге қабілетті универсетке өзгерту процессіне бастамашылық етіп, басқаруда.
Көбінесе, Э.Вахтельдің бастамасымен жаңа факультеттер мен кафедралар құрылды, кадрларды дайындаудың көптеген жаңа бағытттары бойынша білікті мамандар дайындығы ашылды, бірнеше ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары құрылды.
Вахтельдің жұмысы, ұзақ мерзімді мәдени және тарихи поцесстер арасындағы кері байланыстарға айрықша назар аудара отыра, тілдер, мәдениеттер және пәндердің ауқымды шеңберін қамтиды.
Өзінің "Балалық үшін күрес. Орыс мифының құрылуы" (Стэнфорд Университетінің баспасы, 1990)[1] атты бірінші кітабында, Вахтель бірнеше іргелі әдеби мәтіндерден орыстың балалық туралы түсінігі шыққан жолдарды зерттеді.
"Тарихқа құлай берілу. Орыс жазушылары өткен шақтың бетіне қарайды" (Стэнфорд Университетінің баспасы, 1994)[2] еңбегінде Карамзиннен Солженицынға дейінгі жазушылардың көркем әдебиеттегі мәтіндер мен тарихи мәтіндерінің арасындағы диалогты қарастырған.
Югославияға аса назар аударып, Вахтель кейін шамамен 100 жыл бойы Югославияның тұжырымдамасының дамуының әртүрлі жолдары туралы жазылған "Ұлттың құрылуы, ұлттың жойылуы: Югославиядағы әдебиет пен мәдени саясат" (Стэнфорд Университетінің баспасы, 1998)[3] атты еңбегін жариялаған.
2006 жылы Вахтель "Коммунизмнен кейін өзекті боп қалу: Шығыс Еуропадағы жазушының рөлі" (Чикаго Университетінің баспасы) аттыкең ауқымды әдеби социологиялық зерттеуін жариялады.
Шығыс Еуропа мен бұрынғы КСРО мемлекеттерінен алынған әдебиеттік талдау мен сауалнама деректері негізінде, кітапта поскеңестік әлемдегі әдебиет беделінің түсуі мен жазушылар қоғамда маңызын сақтау үшін қолданатын стратегиялар бақыланған. Бұл еңбек, сондай-ақ, серб, болгар және чех тілінде жарияланған.
2008жылыортақ аудиторияға арналған қысқаша тарих "Әлемдік тарихтағы Балкандар" (Оксфорд Университетінің баспасы)[4] атты еңбегін жариялаған. Сонымен қатар, ол түрік, албан және италиян тілдерінде жарияланды.
Сонымен қатар, ректор Вахтель орыс театры мен драмасына қызығушылық танытады. Ол осы салада бірқатар кітаптар мен мақалаларды жазған, оның ішінде "Петрушка: бастауымен контексттары" (Солтүстік-БатысУниверситетінің баспасы, 1998)[5] және "Күтілетін пьеса: 20-ғасыр орыс драмасындағы интерструктивтік қарым-қатынас" (Вашингтон Университетінің баспасы, 2006)[6].
Сонымен қатар, Вахтель Ильей Виницкийдің бірлескен авторлығымен орыс әдебиетінің мәдени тарихы туралы "Орыс әдебиеті"(Polity Press, 2008) кітабын шығарды.
Вахтель көптеген жылдар бойы бірнеше славян тілдерінің аудармашысыболып жұмыс істеді.Оның жұмыстары арасында: Драго Янчардың «Пайғамбарлық және басқа да әңгімелер» (словен тілінен)кітабы, Мухарам Баздулдың «Екінші кітап» (Олег Андричпен босния тілінен) кітабы бар. Анджелина Полонскаяның поэзиясының үш жинақ кітабын жариялады (орыс тілінен), соның ішінде, "Пол Клидің қайығын" (Zephyr Press, 2013).
Илья Кутикпен бірге «Соңынан басына дейін. Ресей поэзиясының екітілді антологиясы» атты орыс поэзиясының алғашқы ірі веб-антологиясын құрды[7].
1994 жылдан 2010 жылға дейінгі аралықта Вахтель Солтүстік-Батыс Университетінің баспасында бүкіл Шығыс және Орталық Еуропадан 50-ден астам кітап жарияланған «Байланыссыз Еуропадағы жазба» атты әйгілі топтаманың редакторы қызметін атқарған[8].
Үйленген, 2 ұлы және 2 қызы бар.
Ректор Вахтель кардиолог-дәрігер Др. Фред Вахтель (1923-2017) мен Мириам Радостың(1928-2009)отбасында туылып, өскен. 2 ағасы бар- Майкл Вахтель, (1960ж. туылған) – Принстон университетінде орыс әдебиетінің профессоры және Дэвид Вахтель (1962ж. туылған) – Endeavour Globalкомпаниясындағы маркетинг, байланыс және серіктестік бойынша ағавице-президент.
Ректор Вахтельдің аталары Шығыс Еуропадан шыққан. Әкесінің ата-анасы: Джордж Вахтель шамамен 1900 жылы Ресейимпериясы, Польша, Галициида дүниеге келген; Белла Бекшамамен 1905 жылы жылы Ресейимпериясы, Польшададүниеге келген. Анасының ата-анасы: Андрей Радос шамамен 1885 жылы Австро-Венгерия империясы, Будапешттедүниеге келген;Берта Залменовна Драпкина 1896 жылы Ресей империясы, Ростов-на-Донудадүниеге келген.