Цаккони Эрмете (14.9.1857, Реджо-Эмилия-14.10.1948, Виареджо)- итальянның трагик актері, театр өнеріндегі натурализмнің көрнекті өкілдерінің бірі. Актер отбасында туған. Жастайынан әке-шешесімен бірге театр спектакілдеріне қатысты. Медицина білім алғаннан кейін біраз уақыт дәрігер-психиатр болып қызмет етті.1873 жылдан көшпелі итальян труппаларында ойнады.Гастрольдік сапармен Батыс Еуропа, Оңтүстік Америка, Египет және Рессейдің ірі қалаларында өнер көрсетті. Психиатр- криминалист Г.Ломброзоның ілімі ықпалында болған. Ол тұқым қуалаушылық пен психопатология мәселелерін зерттеуге ерекше ден қойды.Оның репертуарынан өзімен тұрлығас драматургтардың, әсіресе Г.Ибсен пьесаларындағы рольдер мол орын алды: Освальд («Елесте»), Штокман («Халық жауында»). Бұдан басқа Никита (Л.Н.Толстойдың «Қараңғылық патшалығында), Коррадо (П.Джакометтидің «Азаматтық қазасында») т.б. рольдерді орындады. 1912 жылдан киноға түскен.
Қазақ энциклопедиясы 12 том