Эскорт

Эскорт (франц. escorte – шығарып салушы) – күзету (қалқалау) және еріп жүру үшін тағайындалатын кемелер, ұшақтар тобы, әскери бөлімше. Мемлекет басшыларын және басқа да мемл., әскери қайраткерлерді қошеметтеу үшін мотоциклдер, автомобильдер және жойғыш ұшақтар құрамында Эскорт тағайындалады. Сонымен қатар әскери қызметшілерді жерлеу кезінде құрметті Эскорт қойылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том