Эстоппель

Эстоппель (ағылш. estoppel – наразылық білдіру құқығынан айыру) – тұлға өзінің дәмелі талабын негіздеу үшін әлдебір фактілерге сүйену құқығынан айырылатын құқықтық қағидат. Халықар. құқықта: Эстоппель – мемлекет өзінің халықар. дәмелі талаптарын негіздеу ретінде әлдебір фактілерге немесе мән-жайларға сүйену құқығынан айырылуы. Эстоппель әдетте мемлекеттердің белгілі бір мәселеге бұрынғы және қазіргі қатынасы арасында айтарлықтай айырмашылықтар болған жағдайда қолданылады. Эстоппельді мемлекеттер арасындағы қатынастарда қолданудың қиындықтарына қарамастан бұл қағидат халықар. сот пен төрелік сот тәжірибесінде пайдаланылады. Эстоппель халықар. қатынастарда қазіргі халықар. құқықтың негізгі қағидаты, ең алдымен барлық мемлекеттердің егеменді теңдігі мен тәуелсіздігі, халықтардың өзін-өзі билеуі, мемлекеттер арасындағы қатынастарда күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасауға немесе күш қолдануға тыйым салу қағидаты сақталғанда қолданылуы мүмкін. К. Халиқов[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

<references>


  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том