Яранга

Яранга

Яранга – Солтүстік Азия халықтарының ертеден келе жатқан тұрақ-жайы. Ол киіз үйге ұқсас дөңгелек жиналмалы тұрғын үй түрінде болады. Яранганы ертеде чукчалар(чукотша - яран'ы), коряктар (корякша яянга деп атаған), эвендер, юкагирлер, солтүстіктің басқа да көшпелі тайпалары кеңінен пайдаланған. Түркі халықтарының киіз үйінен айырмашылығы: керегесі – таяқшадан, уығы – сырықтан жасалады, шаңырақ болмайды, сырықтардың басы айқастырылып буылады, сырты бұғы терісімен жабылады. Оның іші арнаулы май шаммен жылытылады, содан жарық та түсіріледі; ал ішкі кеңістіктің бір жағы қойма ретінде және ас әзірлеуге пайдаланылады. Отырықшы чукчалар мен эвендер әдетте Яранганың қабырғасын шымнан және тастан тұрғызып, кейде шағын бөлмеге ұқсатып төбесін ағашпен жабатын болған. Осы заманғы тұрғын үйлердің көбеюіне байланысты Яранга тұрмыста пайдаланудан қалып барады, тек бұғы өсіруші ұжымдық көшпелі бригадаларында ғана сақталып қалған. [1]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. 1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том