Қадыр Қарқабатұлы Бәйкенов | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
ақпан 1992 — маусым 1994 | ||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||
Премьер-Министр | Сергей Терещенко | |||
| ||||
маусым 1991 — қаңтар 1993 | ||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||
Премьер-Министр | Сергей Терещенко | |||
Өмірбаяны | ||||
Білімі | 1) Мәскеу машина жасау институты 2) КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Халық шаруашылығы академиясы | |||
Мамандығы | 1) инженер-механик 2) халық шаруашылығын басқару жөніндегі маман | |||
Дүниеге келуі | 10 қазан 1944 Күршім ауылы, Күршім ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР, КСРО | |||
Қайтыс болуы | 31 тамыз 2022 (77 жас) | |||
Марапаттары |
| |||
өңдеу |
Қадыр Қарқабатұлы Бәйкенов (10 қазан 1944, Күршім ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР — 31 тамыз 2022) — қазақстандық мемлекет қайраткері және саясаткер.
1944 жылы 10 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Күршім ауылында туған. Уақ тайпасынан шыққан.[1]
1961 жылы Орал қаласындағы орта мектепті бітірген.
1966 жылы Мәскеу машина жасау институтын «машина жасау» мамандығы бойынша бітірген.
1983 жылы КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Халық шаруашылығы академиясына түсіп, оны халық шаруашылығын басқару жөніндегі жетекші маман мамандығы бойынша бітірді.
1967-1985 жылдары — Алматы ауыр машина жасау зауытының инженер-конструкторы, цех бастығы, өндіріс бастығының орынбасары, бас инженердің орынбасары, партия комитетінің хатшысы, ауыр машина жасау зауыты директорының экономика жөніндегі орынбасары.
1985-1987 жылдары — Қазақстан Компартиясы Алматы облыстық комитетінің хатшысы.
1987-1989 жылдары — Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары.
1989-1991 жылдары — Қазақстан Компартиясы Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы және Алматы қалалық кеңесінің төрағасы.
1991-1993 жылдар аралығында — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.
1993-1994 жылдар аралығында — Қазақстанның энергетика және отын ресурстары министрі.
1994-1995 жылдары — Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Қорғаныс өнеркәсібі комитетінің төрағасы.
1998-1999 жылдары — «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ұлттық компаниясының президенті.
1999 жылдан — «Инвестконсультинг Компани» ЖШС президенті.
2001 жылдан — Қазақстан Республикасының жұмыс берушілер (кәсіпкерлер) конфедерациясы басқармасының төрағасы.
2002 жылдан — Қазақстан Республикасы инжинирингтік компаниялар одағы кеңесінің төрағасы.
2005 жылдан — өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлердің халықаралық конгресінің басқарма мүшесі және вице-президенті.
2012 жылдың қазан айынан 2013 жылдың қазан айына дейін — өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлердің халықаралық конгресінің басқарма төрағасы.