ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру | |
Түрі |
көпшілік, quasisovereign (KASE: RDGZ, LSE: KMG ) |
---|---|
Құрылды |
2004 |
Басты адамдары |
Құрманғазы Есқазиев (Бас атқарушы директор) |
Өнімі |
мұнай |
Айналым |
АҚШ$ 3.97 миллиард (2007) жоғары 21.5% |
Таза табыс |
АҚШ$ 1.28 миллиард (2007) жоғары 32.2%, |
Сайты |
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы («ҚМГ БӨ» немесе «Компания») — «Өзенмұнайгаз» АҚ және «Ембімұнайгаз» АҚ-ның бірігуі жолымен 2004 жылдың наурызында құрылды. ҚМГ БӨ «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ-ның еншілес компаниясы болып табылады.
ҚМГ БӨ-нің акциялары Қазақстанның Қор биржасында, ҒДҚ – ғаламдық депозитарлық қолхаттары Лондонның Қор биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегінде ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты.
ҚМГ БӨ 2008 жылы Қазақстанда мұнай өндіру деңгейі бойынша екінші орынға шықты.
Қазақстандағы мұнай өндіру. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ – Қазақстандағы мұнай өндіру көшбасшыларының бірі. Компания мұнайды Қазақстанның батыс және оңтүстік аймақтарында өндіреді.
Компания Батыс Қазақстандағы 41 кен орнын игереді. Олардың ішінде ең ірісі мұнай өндіру 1965 жылдан бастап жүргізіліп келе жатқан Өзен кен орны болып табылады.
2010 жылдың соңындағы жағдай бойынша мұнайдың дәлелденген және болжамды қорлары 232 миллион тоннаны (1 707 миллион баррельді) құрады. 2010 жылдың деңгейіндегі мұнай өндіру қарқыны жағдайында қорлардың еселілігі 26 жылды құрайды. ҚМГ БӨ-нің Қазақстанда мұнай өндіруде жүз жылдық тәжірибесі бар және елдің Батыс аймағындағы кен орындарының геологиялық құрылымы саласында кең көлемді мағлұматқа ие.
ҚМГ БӨ Компания экспортының басым бөлігін қамтамасыз ететін Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбыр желісі мен ҚМГ БӨ үшін мұнай берудің неғұрлым пайдалы бағыты болып табылатын Каспий Құбыр желісі Консорциумы (ҚКҚ) құбыр желісіне кепілдікті кіруге мүмкіндік беретін келісім жасады.
Мұнай сату «ҚазМұнайГаз» Сауда Үйі арқылы жүзеге асырылады. Мұнай экспорты 2010 жылы берудің жалпы көлемінен 79%-ды құрады. Жаңа активтерді сатып алу Компания стратегиясының негізгі элементі болып табылады. 2007 жылдың сәуірінде Компания «Қазгермұнай» БК ЖШС-дағы үлестердің 50 %-ын сатып алды. 2007 жылдың желтоқсанында өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік берген және мұнай қорының айтарлықтай өсуін қамтамасыз еткен CCEL-дағы («Қаражанбасмұнай» АҚ) үлестердің 50 %-ын сатып алды. ҚМГ БӨ өзіне әлеуметтік әріптестікті, білім беру жобаларын, демеушілікті және Компанияның қызметкерлері мен олардың отбасыларын қолдауды қамтитын көп жоспарлы әлеуметтік бағдарлама әзірледі және оны ойдағыдай іске асырып келеді. Өзінің өндірістік қызмет аймақтарында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жауаптылық та Компанияның негізгі басымдығы болып табылады.[1]