ҚазСат-2

«ҚазСат-2» қазақстандық жасанды жерсерігіҚазақстанның «ҚазСат» сериялы спутниктерінің екіншісі, коммуникациялық жасанды жерсерігі. Ғарыш аппараты Қазақстанның аумағындағы спутниктік байланыс (интернет, желілі телефон және ұялы байланыс) пен телехабар тарату, ақпарат пен деректер алмасу жұмыстарына пайдаланылады. Жасанды жерсерігін жасауды Ресейдің М.В.Хруничев атындағы ғарыштық-ғылыми өндірістік орталығы мойнына алған болатын. «ҚазСат-2»-ге қатысты келісімшарт 2006 жылы жасалып, ол бойынша қазақстандық жасанды жерсерігі 2009 жылдың желтоқсан айында ұшырылуы көзделген еді. Алайда техникалық жағынан жақсы жарақталмаған және біраз өзгерістерді қажет еткен ғарыш аппаратын ұшыру кейінге шегеріліп, «ҚазСаттың» сәтті күні 16 шілдеге дөп келді. Құрдымға кеткен «ҚазСат-1»-дің құны 65 млн доллар болса, «ҚазСат-2»-ге мемлекет қазынасынан 115 млн доллар бөлінді.* «ҚазСат-2» 2011 жылдың шілденің 16 күні Астана уақыты бойынша таңғы сағат 5-тен 16 минут өткенде Байқоңыр ғарыш айлағындағы №200 ұшыру алаңынан көкке самғап, ғарыш орбитасына сәтті көтерілді. «Протон-М» зымырантасығышы арқылы «ҚазСат-2» спутнигімен қатар, ғарыш кеңістігіне америкалық «ОС-2» телекоммуникациялық жерсерігі де жеткізілді. Ғарыш аппараты бір айдың ішінде шығыс бойлық бойынша ғарыш кеңістігін кезе жү­ріп 86,5 градустық өз орбитальдық нүк­те­сіне жетуі тиіс. Содан кейін барып аппарат жүйесі екі ай бойына сынақтан өткізіледі. Ал 2011 жылдың қазан айында ресейлік мамандар жерсерікті Қазақстанның ғарыш байланысы республикалық орталығының мамандарына тапсырады.

«ҚазСат-2» мақсаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ең алдымен Қазақстан аумағында сапалы ақпараттық һәм телекоммуникациялық қамтамасыз ету мәселесі оң шешімін табады. Бұл ретте қазақстандық аппарат Қа­зақстан, Орталық Азия мен Ресейдің біршама аумағына арзан әрі сапалы байланыс түрлеріне өз пайдасын тигізбек. Мәсе­лен, бүгінгі күні елдегі хабар тарататын телеарналар мен байланыс операторлары бағасы жағынан айтарлықтай қымбат шетелдік жерсеріктеріне жүгініп келеді. Тұң­ғыш «ҚазСат-1» жерсерігі сәтсіздікке ұшыр­ғаннан кейін отандық операторлар шетелдік спутниктік қызметті пайдалануға мәжбүр болған. Ендігі күні отандық әм шеттегі операторлар біртіндеп өзіміздің спутниктің жемісін көре бастайды. Ендеше, «ҚазСат-2» сәтті самғауы, айналып келгенде, жергілікті халыққа да тиімді. Бұл ретте отандық ғарыш кемесі елдің барлық тұрғындарына көрсетілетін ақпараттық қызмет түрлерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Яғни интернет, желілі телефон, телехабар тарату сияқты байланыс түрлерінде технологиялық әм сапалы қадам жасалады, тариф төмендейді. Ұлан-ғайыр қазақ даласында бір-бірінен қашық орналасқан елді мекендерге сап ң бірден-бір кепілі спутниктік байланыс екенін ғалымдар бұған дейін де айтып келген болатын. Ғарыштық аппарат осы мәсе­лені реттеп бермек. Кабельдік таратуға қо­лы жетпейтін жұрт ғарыштық аппараттың сауабын алады. Техникалық сипатына келсек, «ҚазСат-2»-де қабылдап-жіберетін 20 сигнал жұмыс істесе, оның 16-сы – негізгі, төртеуі қосалқы телехабар таратуға арналады. Қалғандары әртүрлі байланыс жұмыстарына арналған транспондерлер болып отыр.

Сонымен қоса, бұған дейін мыңдаған аппарат қазақ жерінен көтеріліп, ғаламның төріне озып жатса, сол ұлы даланың иесі, Байқоңырдай жер кіндігін ұстаған қазақ неге өзінің жеке жерсерігін ұшырмауы керек?! Оның үстіне Қазақстан үшін өзінің жеке жерсерігінің ғарышта болуы көп айтылып жүрген инновациялық бағыттың бір секірісі іспеттес. Осы арқылы еліміз заман­ға сай ғарыштық-спутниктік технология­ларды игеріп, телекоммуникациялық һәм байланыстық аппаратты басқару саласында жоғары білімді кәсіби мамандарды даярлауды да жолға қояды. Ендеше, «ҚазСат» – технологиялық тыңғылығы да, заманауи сұранысы да келіскен дүние. Тоқ етері, сериялы «ҚазСат» арқылы Қазақстанның ғарыштық державаға айналуына қарай ойысқан үлкен қадам жасалмақ.

8 мамыр 2013 жыл."Қазкосмос"-тың өкілі Талғат Мұсабаев өзінің берген мәлімдемесінде: «ҚазСат-2» спутнигінің 64%-ын пайдаланып отырмыз.Сондай-ақ «ҚазСат-3» спутнигін құрастыруға тендер жарияладық,жұмыс жүріп жатыр. Оны ұшыру әрекетін 2014 жылдың бірінші жартысында жасаймыз.Ол 58,5Е гистоцанарлық орбитада жайғаспақ.Қазсат-3 аппараты ұшырылысымен Түрікменстан,Қырғызстан сияқты Орта Азия мемлекеттеріне қызмет көрсетуді бастаймыз.Интернет-телефония,3G интернет желілерімен Қазақстанды толық қамтамасыз етеміз деп ойлаймыз. Қазіргі таңда мына транспондерлер бойынша телеарналар жайғасқан:

Арна атауы Жиілігі мен SR және FEC Стандарты
Қазақстан-Атырау 11643 V 2355 FEC: 7/8 DVB-S/MPEG-2
Қазақстан-Ақтөбе 11647 V 2356 FEC: 7/8 DVB-S/MPEG-2
Қазақстан-Ақтау 11649 V 2355 FEC: 7/8 DVB-S/MPEG-2
Қазақстан-Павлодар 11653 V 2356 FEC: 7/8 DVB-S/MPEG-2
Қазақстан-Петропавл 11656 V 2355 FEC: 7/8 DVB-S/MPEG-2
Қазақстан-Қостанай 11660 V 2355 FEC: 7/8 DVB-S/MPEG-2
Қазақстан-Қызылорда 11663 V 2355 FEC: 7/8 DVB-S/MPEG-2
Қазақстан-Қарағанды 11666 V 2356 FEC: 7/8 DVB-S/MPEG-2
Қазақстан-Шымкент 11669 V 2356 FEC: 7/8 DVB-S/MPEG-2
Қазақстан-Өскемен 11673 V 2356 FEC: 7/8 DVB-S/MPEG-2
Сервис атауы Жиілігі мен SR және FEC Стандарты
Data 11079 V 3663 FEC: 3/4 DVB-S2/32APSK
Data 11459 Н 8209 FEC: 4/5 DVB-S2/16APSK

ACM/VCM

Data 11560 V 16666 FEC: 3/4 DVB-S2/QPSK

ACM/VCM

Data 11520 H 5147 FEC: 3/4 DVB-S/MPEG-2

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

ҚазСат-1

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алаш Айнасы – Республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газетінен Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.